"Мен вакцина алуға келіп едім, таң қалдым": Алматыда " Қазақстан" шоколад торларын ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай вакцина алғандарға ұсынды.
Бүгін Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай санитарлық талаптардың сақталуын ескере отырып бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілді. Олар қаланың вакцинация пункттеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері вакцин алған қала тұрғындарына Қазақстан туы бейнеленген шоколадтарды тарату жайлы шешім қабылдады.
Акция азаматтық пен патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну мақсатында өткізілді.
"Мемлекеттік рәміздер-рухани күш-қуаттың қайнар көзі, әрбір қазақстандық Ту, Елтаңба мен Әнұранды қастерлеуі тиіс. Біздің қаламызда тудың символикасы бар брендтік шоколад өндіріледі, ол туралы дүниежүзі біледі, сондықтан біз вакцинаға қатысушыларға шоколад сыйлап, мерекемен құттықтауды жөн көрдік", - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова.
Вакцинацияланғандарға Globus СОСО, “Мега" СОCО, “МБО" СҮ, Төле би бойынша ХҚКО егу пункттерінде 500-ден астам шоколад таратылды.
Сыйлық алғандардың арасында алматылық Абдул Ибрагимов та бар, ол бүгінде отандық вакцина алды.
"Біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, жастарды патриотизмге тәрбиелеу керекпіз. Бұл мерекені насихаттау және оның тарихын айту. Мен вакцина алуға келіп едім, құттықтауларды көріп қуандым. Менің ойымша, вакцина алу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру патриотизмді, өз елі мен халқына деген сүйіспеншілікті білдіреді. Біз бірге індетті жеңуіміз керек!",- деді А. Ибрагимов.
Алматыда өткізілетін іс-шаралар арасында саябақтар мен скверлер, жаяу жүргіншілер көшелері, метро станциялары мен вагондары, СОСО, "Медеу" биік таулы кешені және "Шымбұлақ" курорты аумағында, сондай-ақ "Көк-Төбе" саябағында мемлекеттік әнұрантбір мезгілде (сағат 13.00-де) шырқалады. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылуға және Әнұран шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, әнұран орындауға шақырады. Сонымен қатар, Алматыда байкерлер шеруі, сондай-ақ Республика сарайы ғимаратының алдында оркестрдің қатысуымен Мемлекеттік Әнұран орындалады (сағат 19.00).
Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматы қалалық жастар ресурстық орталығының электросамокаттарында "Менің туым" атты флешмоб өтті. Алматыдағы "Киров" әскери-патриоттық клубының мүшелері Қазақстанның Мемлекеттік Туын биіктігі 3 680 метр Үлкен Алматы шыңында көтеріп, домбырада Құрманғазының шығармаларын орындады.