Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қала көшелерінде, Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтарында "Менің Туым" акциясы жалғасуда. Бүгін Жастар ресурстық орталықтары жалаушаларды табыстап, қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Іс-шара аясында 1000-нан астам жалауша қаланың барлық аудандарында таратылды.
Анықтама: 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған ұлттық мереке. Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің әрі егемендігіміздің берік негізі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, маңызды белгілер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба және Әнұран.
Іс-шара санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада өтті.