9 маусымда Алматы қаласының Түрксіб ауданында "Лазурный берег" ТК аумағында тұрғындар үшін алғашқы мобильді егу пункті ашылды.

Түрксіб ауданының әкімдігі бұл істі одан әрі жалғасатыратын болады. Мобильді егу пункттері тұрғындар көп келетін және халық тығыз орналасқан жерлерде жұмыс жасайды.

Майлин көшесіндегі "Лазурный берег" ТК тұрғындарына үйдің жанында коронавирусқа қарсы вакцина алу мүмкіндігі туды. Бүгін алғашқы бес адам вакцина салдырды.

Мобильді пункттегі вакцина салу стационардағыдай. Науқастар міндетті түрде дәрігерге дейін тіркеуден өтеді, содан кейін дәрігер тексереді. Содан соң екпе салынады, вакцина алған адам 30 минут мамандардың бақылауында болады.

9 маусымда жылжымалы егу пунктінде "Жас Қанат"емханасының медицина қызметкерлері кезекшілік етеді.

Түрксіб ауданында 15 жерде 25 егу пункті орналасқан. Онда құрамында 159 медицина қызметкері бар 32 медициналық бригада жұмыс істейді.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы 8 маусымдағы жағдай бойынша қалада 321 500 адам вакцина алды деп хабарлады. Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың СОСО-да 211 егу пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 257 адамнан 304 екпе бригадалары бар.

Сондай-ақ, қалада 54 көшпелі егу бригадасы жұмыс істейді. Олардың алтауы – Алмалы, бесеуі – Алатау, төртеуі – Бостандық, үшеуі – Жетісу ауданында, оны – Әуезов пен Медеу аудандарында, сегізі – Наурызбай мен Түрксіб аудандарында.