Jas Otan Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыровтың қолында вакцина паспорты бар. Ол отандық вакцинаның екі компонентін алды және отандастарын коронавирустан қорғануға шақырады
Наурыз айында Jas Otan белсенділерінің қатарында Нұрсұлтан Бекқайыров коронавирусқа қарсы екпе алу үшін "Мега" СОСО-ға келді.
"Біздің үлкен топта қарсы көрсетілімдер болған жоқ. Дәрігерлер мен медбикелердің жұмысы таң қалдырды. Олар науқастармен жеке жұмыс істеді, қандай жанама әсерлер пайда болуы мүмкін екенін айтты, үш күн екпе салға жерге су тигізбеуді айтты. Біз өз еркімізбен "QazVac" вакцинасына сенім білдірдік. Дәрігерлер біздің вакцинаның танымал ресейлік вакцинадан еш айырмашылығы жоқ екенін түсіндірді", - деді Н. Бекқайыров.
Nur Otan партиясы Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы қала тұрғындарын егу пунктіне баруды кейінге қалдырмауға шақырды, өйткені барлығына бетперделер мен шектеулерсіз әдеттегі өмір салтына тез оралу маңызды.
"Біз вирустың таралуын бірге тоқтатуымыз керек. Мұны тек вакцина алу арқылы жасауға болады. Мен де, Jas Otan-дағы әріптестерім де жанама әсерлерді байқамадық. Мен Қазақстан ғалымдарына сенемін, сондықтан QazVac вакцинасын салдырдым. Әрине, екпеге дейін мен де жалған ақпараттарды естідім. Вакцина – қауіпсіздіктің тиімді құралы. Бүкіл өркениетті әлемде вакцина салдыру идеясы бар, өйткені бұл індетті жеңудегі ең тиімді әдіс", - деді Нұрсұлтан Бекқайыров.