"КазФерроСталь" ірі металлургиялық кәсіпорны Алматыдағы "МАРТ" сауда-ойын-сауық орталығының екпе пунктінде КВИ-ден вакцина алғандар арасында ақшалай сертификаттар ұтысына демеуші болды.
Іс-шара 14 маусымда "МАРТ" СОСО-да өтті. Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың барлығы 10 мың мен 100 мың теңге сомасындағы ақшалай сертификаттар алуы үшін бақ сынасты.
"КазФерроСталь" ЖШС директорының орынбасары Төлеген Тәжібаев зауыттарында жұмысшылардың көпшілігі өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе алғанын, сондықтан басқа қалалықтардың вакциналану шешімдерін қолдайтындықтарын айтты.
"Індетті тоқтату керек. Барлығына вакцина қажет, бұл – әркімнің өзі және басқалар үшін жауапкершілігі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, вирусты жою қажет. Сондықтан барлығының вакцина салдыруға қатысуы өте маңызды", - деді Т. Тәжібаев.
Сертификаттарды ойнату барысында жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде 100 мың теңгенің сертификатын Ж. Шайхиев алды, 10 мың теңгенің сертификаттарын А. Тұрғанбаева, Ж. Қалиева, Ж. Кутулуков, Е. Жақсылықов және А. Камал жеңіп алды.
"Коронавирус – өте қауіпті ауру. Көптеген таныстарым ауырды. Сондықтан мен вакцина аламын, өйткені өз денсаулығымды алаңдаймын. Вакцина алған кезде маған сыйлықтар беретінін айтты, жүлделі боламын деп ойламадым”, - деді Е. Жақсылықов.
Айта кетсек, бұл тәжірибе АҚШ-та кеңінен таралған, жекелеген штаттарда вакцина алған тұрғындар арасында ақшалай сертификаттар мен стипендиялар ойнатылды.
Бүгінде вакцина коронавирустық инфекция індетінің таралуына қарсы тұрудың жалғыз тәсілі. Сондай-ақ, Алматы әкімі Медициналық және кәсіпкерлік қоғамдастығы қала тұрғындарын вакцинаны кейінге қалдырмауға және емханаларда, сауда орталықтары мен базарларда ашылған 211 пункттің кез келгенінде КВИ-ға қарсы екпе алуға шақырады.