Алматыда коронавирусқа қарсы 200-ден астам екпе пункті бар, олардың бір бөлігі қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Мобильді пункттерде 1 200-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың арасында Алматы қаласындағы №5 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова да бар. Сәуірден бастап дәрігер "Мега парк" СОСО екпе пунктінде жұмыс жасауда. Екпе пункті Алматы тұрғындарын вакциналау бойынша көшбасшылар қатарында.

Гүлзат Байзақова "Мега парк" СОСО-да екпе пункті 10 сәуірден жұмысты бастағанын айтты. Вакцинаға барлық тілек білдірушілер Egov mobile қосымшасы арқылы алдын ала жазыла алады. Екпе салдыруға келгендердің әрқайсысы төрт кезеңнен өтеді.

"Алдымен біз науқасты база бойынша тексереміз, оның қандай да бір қарсы көрсетілімдері бар-жоғын білу үшін сауалнама толтырады. Содан кейін дәрігердің кеңсесінде дене қысымы мен температурасын өлшейтін, пульсоксиметр көмегімен сатурацияны тексереміз. Осы уақытта екпе пунктінде вакцина дайындалады. Барлық бақылау аз уақытты алады. Осы рәсімнен кейін әрбір адам арнайы бейдж алады да, 30 минут бойы демалатын бөлмеде болады", - деді бөлім меңгерушісі.

Г. Байзақованың айтуынша, барлық қала тұрғындары ұсынылған төрт вакцинаның кез келгенін таңдауға құқылы. Бұл "Спутник V", “QazVac”, “Hayat-Vax” пен “CoronaVac”.

"Біз 150-ден 250 адамға дейін вакциналаймыз. Екпе пункті күн сайын, демалыссыз сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің пунктте вакцинаның бірінші компонентін шамамен 8 600 адам, екінші компонентін 6 400-ден астам қала тұрғыны алды", - деп хабарлады дәрігер.

18 жасқа толмаған адамдарды, жүкті мен бала емізетін әйелдерді, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімдерді қоспағанда, барлық тілек білдірушілер вакцина алуға міндетті. Ал онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетіледі.

Сөз соңында Г. Байзақова коронавирусқа қарсы қазіргі заманғы вакциналар қауіпсіз әрі олардың қарсы көрсетілімдері жоқ екенін айтты. Сондықтан қала тұрғындары жанама әсерлер туралы алаңдамауы керек.

01.02.2021-20.06.2021 аралығындағы барлық кезеңде Алматыда 375 340 адам вакциналанды.

Өткен тәулікте 2 426 адам екпе алды. 60 жастан жоғары екпе алғандар саны 45 304 адамды құрайды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 257 адамнан құрылған 304 екпе бригадалары жұмылдырылған.