Бүгін N36 Қалалық емханада 99 жастағы қаһарман ана - Зағиша Чалова екпе алды. Бұл күні 12 баланың анасы және 15 немеренің әжесі «Спутник V» ресейлік препаратын таңдады.

“Бұл менің жеке шешімім, мен бұл аурудың мені және менің туыстарымды алшақтап өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем, еш ауытқулар немесе өзімді жаман сезінген емеспін, ары қарай да осылай болады деп үміттенемін” деп бөлісті әжеміз.

Екпе кампаниясы басталғаннан бері Наурызбай ауданы бойынша бүгінгі күнге 27 мың адам екпе алды, ондағы 40% N36 Қалалық емханасында алған.
Аудан бойынша екпе алғандардың арасында вакцинадан соң еш асқынулар орын алмаған.

“Біз елді мекеннің вакцина алғысы келетіндердің саны көбеюде. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Күнделікті біздің емханаға коронавирус инфекциясынан вакцина алуға 150 -200 шақты адам келеді”-деді N36 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

COVID-19 инфекциясынан вакцина алу N36 Қалалық емханада демалыссыз күнделікті сағ. 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.