Университет соңғы екі ай ішінде қызметкерлер мен студенттерді вакциналау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сәтбаев университетінің медициналық орталығында №4 және 12 емханалардың дәрігерлері шақырылып, вакцина пункті ұйымдастырылды.
Мұнда коронавирус инфекциясына қарсы QAZVAC, CoronaVac, Hayat-Vax пен Спутник V вакциналары бар.
Бүгінде университет қызметкерлерінің 65%-дан астамы және студенттердің 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды.
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің еңбек ұжымдарының Сovid-19-ға қарсы міндетті вакцинасы туралы қаулысы шыққаннан кейін университет вакцина алған студенттер мен қызметкерлердің санын арттыру бойынша жұмысты күшейтті.
1 тамызға дейін қызметкерлердің 100% вакцина алуы жоспарлануда. 1 тамыздан бастап университет аумағына кіру медициналық қарсы көрсетілімдері бар вакцинадан өткен қызметкерлер мен білім алушыларға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 маусымынан бастап Сәтбаев университетінің аумағына Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады.
Вакцина алғандар үшін қосымша ынталандыру ретінде ЖОО-да бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған.
2021 жылдың 1 мен 31 шілде аралығында Satbayev University-нің вакцина алған студенттері арасында мынандай жүлделер беріледі:
- жеке стартап ашуға 5 млн. теңге грант;
- ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын;
- елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалған шығысты толық өтеу құқығы;
- Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша 100 курс.
2021-2022 жылдары вакцина алған студенттер:
- қайта курстардан тегін өту және 3 кредитті қайта тапсыру;
- шығармашылық, ғылыми, спорттық іс-шараларға (мейкатондар, хакатондар, турнирлер, концерттер және т. б.) қатысуға мүмкіндік алу;
- академиялық ұтқырлық шеңберінде қосымша білім алу үшін шет елдерге және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарына баруға.
Вакцинаға қатысқан қызметкерлер мен ПОҚ үшін 2021 жылғы 1 шілдеден 31 шілдеге дейін мынадай жеңілдіктер беріледі:
- ПОҚ мен қызметкерлер орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан босатудың 2 күніне құқық алады;
- 10 қызметкер 2021 жылдың соңына дейін ЖОО жатақханаларында тұруға 50% жеңілдік алады;
- 100 қызметкер 5000 теңге көлемінде сыйақы алады.
Еске салсақ, 2021 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда 480 мыңнан астам адам вакцина алды.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. 300-ден астам екпе бригадасы қызмет атқарады.