Бұл туралы Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты.

Спикердің айтуынша, биыл жабық спорттық нысандардың құрылысы еселенген. Ағымдағы құрылыста бұл объектілердің қуаттылығы тәулігіне шамамен 10 мың адамды құрайды.

Қазіргі уақытта Алматыда бюджет қаржысы есебінен жеті спорттық нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде алты спорттық-сауықтыру кешені мен теннис орталығы.

Сонымен қатар, жекеменшік ұйымдар бес ірі спорт нысандарын салып жатыр: үстел теннисі орталығы, Сұңқар ХШТК дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жұлдыз ықшамауданындағы спорт кешені, Май Вин дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Әуезов ауданындағы күрес орталығы. «Жан досым» теннис орталығы пайдалануға берілді.

2021 жылы аудандық әкімдіктер дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын орналастыру үшін қосымша жер телімдерін берді. Берілген 14 учаскенің жетеуі қаланың коммуналдық меншігінде, қалған жетеуі жеке меншікте.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қорда орналасқан ауданы 0,3-тен 1 га дейінгі жеті учаске үшін қала құрылысы және урбанизм бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялады. Сонымен қатар, Атлетикалық ауылдың іргелес аумағында жабық жеңіл атлетикалық манеж салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тендер өткізілуде.

Р. Байсейітов атап өткендей, 2022-2024 жылдарға арналған Спорт басқармасы жалпы сомасы 3 миллиард 83 миллион теңгеге қаланың спорт ұйымдарын қажетті инвентарьмен және құрал-жабдықтармен кешенді түрде кезең-кезеңімен жабдықтау жоспарын дайындады.