Бұл мәліметтерді қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтты. Оның айтуынша, медициналық қарсылықтары барларды қоспағанда, мұғалімдердің 100% екпе төлқұжатын алған.
Л. Жылқыбаева білім беру қызметкерлеріне вакцинация балалардың денсаулығын қорғауға, инфекция тізбегін үзуге және коронавирустың таралуын оқшаулауға көмектеседі деген ойда.
Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы пандемия білім беру жүйесін онлайн режиміне көшуге мәжбүрледі, бірақ дәстүрлі формата оқумен ешнарсе теңесе алмайды. Сондықтан қыркүйек айында офлайн режимде жұмыс істеу үшін мектептерде барлық мұғалімдер мен басқа қызметкерлерге вакцинация жүргізілді.
Атап айтса, 26 тамызда Алматыда бірінші компонентпен - 3 894 адам, екіншісімен - 7 357 адам вакциналанды. Барлығы 2021 жылдың 1 ақпанынан 26 тамызына дейінгі кезеңде 856 899 адам бірінші компонентпен, 706 424 адам екінші компонентпен егілді. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқан адамдар 110 236 адамды құрайды.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық нысандарда, базарлар мен сауда орталықтарында 160 екпе пункті бар. 1028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы жұмылдырылды.