28 тамызда демалыс күндері жұмысқа тыйым салынғанына қарамастан, «Барыс» базары жұмысын жалғастырды. Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторингтік тобы дәл осы күні сағат 13.30 шамасында белгіленген карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады.
Еске салсақ, Алматыда демалыс күндері қоғамдық тамақтану (тек қана алып кету), сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтардың жұмысына карантиндік шектеулер енгізілген еді.
Енді «Барыс» базарының иесіне өте қомақты көлемде айыппұл салынуы мүмкін, материалдар Алмалы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.
Айта кетерлігі, базарда маска режимі бұзылған, көптеген сатып алушылар сауда аймағында бетпердесіз болған.
Айта кетерлігі, эпидемиологиялық тексерулердің нәтижелері бойынша Алматыда инфекцияның негізгі орындары: сауда объектілері - 32%, отбасылық байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1% және базарлар - 13%.
Бұрынғыдай, қалада 20 жастан 39 жасқа дейінгі тұрғындар коронавирусты жұқтыруды жалғастыруда - 33,5%, 40 - 59 жас аралығында - 25,2% және 60 жастан асқандар - 23,1%. Балалар мен жасөспірімдер арасында - 18%.
Өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясының 1 309 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 8 910 төсек орын бар. Барлығы 5 551 адам ауруханаға жатқызылған, оның 142-сі балалар.
Бүгінгі таңда АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйде 11 157 науқасты бақылауда.