Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға арналған қаланың активінде бұқаралық спортты дамыту мен балаларды денешынықтыру сабағына тарту шаралары туралы хабарлады.
Қалада әр баланың тегін спорт секцияларын баруы үшін 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл 40 мың баланың спорт секцияларына тегін баруына мүмкіндік береді.
Қаланың барлық аудандарында тегін спорт секциялары және үйірмелері бар 50 демалыс орталықтары жұмыс жасайды, мұнда 5,2 мыңнан астам адам қамтылған.
Жеті спорттық нысанның құрылысы жүргізілуде – 6 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис орталығы. Жекеменшік ұйымдар бес үлкен спорт нысанын салып жатыр. Бұл үстел теннисінің орталығы, Сұңқар ХШТК кешені, Жұлдыз шағын ауданындағы ДСК, «Май вин» ДСК, Әуезов ауданындағы спорттық күрес орталығы, «Жан досым» теннис орталығы.
Атлетикалық ауылдың жанынан жабық жеңіл атлетикалық манеж салу жоспарлануда.
Спорт нысандарын біртіндеп жалпы құны 3 млрд теңге болатын спорттық құрылғылармен жабдықтаудың жоспары дайындалды.
«Жан басына шаққанда тиімді қаржыландыруды дамыту, бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігін арттыру, спорттық инвестиция ағынын ынталандыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаттықтырушылар құрамы мен кадрларды дамыту және таланттарды қолдау – біздің алдымызда тұрған басты міндеттер», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.