Алматыда алғаш рет қаладағы жануарлар паналайтын орындарды қолдау шаралары қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылық пен «Kare-Забота» қоғамдық қорының президенті Юлия Коваленко айтты.
Ә. Жақсылық 2021 жылдың басынан бері қалалық ветеринарлық қызмет асырап алу бағдарламасы бойынша 180 мысық паналайтын орындарды табуға көмектескенін айтты. Олар тиісті орындарға жеткізілді және бұл іске немкетті қарамайтын қала тұрғындары өз қамқорлықтарына алды.
«Бүгінде 250-ге жуық мысық, соның ішінде «Апорт» сауда орталығының жанындағы «қорапшаларды» паналаған мысықтар қаладағы жеке орындарға апарылды», - деді Ә. Жақсылық.
Брифинг барысында паналайтын орындарға қолдау көрсету бойынша пилоттық жоба аясында жануар қорегіне қаражат қарастырылатыны белгілі болды.
«Kare-Забота» қоғамдық қорының президенті Юлия Коваленко жергілікті атқарушы органдар тарапынан үйсіз жануарларға назар аударылғанына қуанышты. Қор басшысы олардың жануарларды қорғау ұйымы 2008 жылдан бері ерікті түрде жұмыс істейтінін айтты. Оның пікірінше, үй жануарлары ерекше назар аударуды қажет етеді және олардың жүйелі мәселелерін шешу үшін әкімдіктің қолдауы қажет.
«Қаңғыбас жануарлар санының өсуінің басты себебі – адам. Әр түрлі зерттеулерге сәйкес, қаңғыбас жануарлардың 85%-ы бұрынғы үй жануарлары, оларды иелері қуып жіберген немесе жоғалтқан», - деді Ю. Коваленко.
Қаладағы үй жануарларының жалпы саны әлі анықталған жоқ. 2011 жылға дейін «KARE-Забота» ҚҚ жыл сайын WSPA (Жануарларды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік Қоғамы) әдісі бойынша популяция динамикасын бақылау үшін қаңғыбас жануарларды санауды жүргізді. Үш жыл бойы жүргізілген бақылау өлшеулерінде көшедегі жануарлар саны өзгерген жоқ және 16 500-17 300 адам аралығында ауытқып отырды. Жануарлар құқығын қорғаушылар бұл тәжірибені қайта жаңғыртпақ.
«Ұстау мен жою көптеген жылдар бойы қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің жалғыз әдісі бола отырып, оның тиімсіздігін көрсетеді», - деп есептейді Ю. Коваленко.
Зооқорғаушы әкімдік ұсынған Алматы қаласы үшін жануарлар санын гуманистік реттеу бағдарламасы мен басқа да бірқатар қолдау шаралары бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешетінін атап өтті.