Алматыда халық санағы басталды. Қалалықтарға өздері туралы ақпаратты қалдыруға және цифрлық сауалнамалардан өту ұсынылады. Санақ қандай нәтиже береді және ол не үшін қажет екенін сарапшы, Алматының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ҚР кооперативтері қауымдастығының және өзге де экономикалық қауымдастықтардың» төрағасы Қазыбек Шайх айтты.
Қазыбек Шайхтың айтуынша, бұл халық санағы ерекше, өйткені ол онлайн және офлайн режимде өтеді. Сонымен қатар, ол санақтың қазақстандықтар дәстүрлі екенін, үшінші рет өткізіліп отырғанын айтты.
«Жас тәуелсіз мемлекет үшін халық санағы өте қажет. Кез келген ел экономикасының және халық құрамының қандай екенін нақтылы білуі тиіс. Бізде ЖСН бойынша тіркеу бар, дегенмен пандемия талай адамның өмірін қиды, сондықтан нақтылы адам санын біру маңызды», - деді Қ. Шайх.
Сарапшы алдағы уақытта мемлекеттік органдар алынған мәліметтерді сапалы түрде қолдана алатынын баса айтты. Бұл ақпарат Қазақстанның мемлекеті мен әрбір қаласының стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу үшін өте маңызды.
«Санақтың міндеті – ел аумағында тұратын әрбір адамды есепке алу. Барлық елдерде халық санағы жаңа мемлекет құрылып жатқан кезде немесе ел ауыр дағдарыстан, соғыстан, пандемиядан немесе қиын экономикалық құлдыраудан құтылған кезде немесе жаңа реформалар мен бағдарламаларды күту кезінде өтеді. Содан кейін мемлекет оның қандай потенциалы бар екенін, оған сенуге болатынын ұғынуға және түсінуге тырысады. Осыған байланысты санақ – ең маңызды құрал», - деп жалғастырды Қ. Шайх.
Сарапшы алматылықтар санақтың мемлекет пен халық арасындағы диалог және ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізі екенін түсінуі керек екенін атап өтті. Қ. Шайх қала тұрғындарын елді қолдауға және онлайн санақтан өтуге немесе санаққа қатысушыға арнайы рұқсат қағазымен сұрақтарға жауап беруге, осылайша азаматтық борышын өтеуге шақырды.