Алматы әкімі Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында балалардың денешынықтыру мен бұқаралық спортқа белсенді түрде қатысатынын хабарлады.

«Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 жж. оқу жылында МЖӘ аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар», - деп жазды Б. Сағынтаев. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса беретін атап өтті.

Бұрын хабарланғанындай, Алматыда жаңа оқу жылында мектептерге 301 171 оқушы барды. Мемлекеттік мектептерде 280 458 балалар мен жасөспірімдер оқуда, ал жекеменшік мектептердегі оқушы саны – 20 713. Мемлекеттік мектептерде бірінші сынып оқушыларының саны 3 мыңға жуық өсті. 1-сыныптарда 30 751 оқушы білім алуда.