С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде вакцинаның адам иммунитетіне және коронавирустан қорғануға тигізетін оң әсері туралы пікірімен бөлісті.
Д. Маханбетқұлованың айтуынша, вакциналар қазіргі уақытта таралып жатқан коронавирустың барлық штаммдарынан қорғануды қамтамасыз етеді. Дәрігер вакциналар штаммдардың кең спектрінен қорғау үшін арнайы жасалғанын айтты. Вакцинадан кейін денеде аурудан кейінгіге қарағанда вирусқа тұрақты иммунитет пайда болады.
«Менің ойымша, қалада коронавирустық инфекцияның төмендеуі ақпан айында басталған вакциналану науқанына қатысты. «Төртінші толқын» әлі аяқталған жоқ. Антиденелердің жоғары титрі болған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, эпидемиологиялық ахуал жақсармайды», - деді Д. Маханбетқұлова.
Дәрігердің айтуынша, аурудан кейін қалыптасатын табиғи иммунитеттің күші барлық адамдарда әр түрлі. Табиғи иммунитет ұзақ сақталмауы мүмкін. Вакцинация арқылы иммунитеттің дамуы оның табиғи пайда болуына қарағанда аз тәуекелге ие, өйткені COVID-19 жұқтырған кезде симптомдардың ауырлығын болжау мүмкін емес.
С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ алғашқы медициналық-санитарлық көмек кафедрасының меңгерушісі коронавирус жағдайында білікті медициналық көмекке дер кезінде жүгіну өте маңызды екенін айтты.
Д. Маханбетқұлова КВИ негізгі белгілері әлі де бар екенін атап өтті: жоғары температура, ентігу, түшкіру, жөтел мен мұрынның бітелуі, бұлшықеттер мен кеуде аймағының ауыруы, бас ауруы мен әлсіздік. Жақында жоғарыда аталған белгілер жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты белгілермен толықты. Сонымен қатар, көбінесе егде жастағылар мен қарт адамдар қатты ауырады.
«Иммундық жүйесі әлсіз адамдар жас тобына қарамастан дертке шалдығады. Сондықтан созылмалы аурулары бар адамдарға да вакциналану қажет», - деді дәрігер.
Д. Маханбетқұлова вакциналану нәтижесінде препараттың бірінші дозасынан кейін жеткілікті күшті иммунның қалыптасатынын айтты.
«Екінші доза антиденелердің деңгейін едәуір арттырады және иммундық жадының ұзақ мерзімді активтенуі үшін қажет, сондықтан оны алу өте маңызды. Осылайша, вакцинаның екі компонентін де екінші дозадан кейін екі-үш аптаның ішінде алған адамдарда коронавирусқа қарсы антиденелер түзіледі», - деп жалғастырды дәрігер.
Сөзін қорытындылаған Д. Маханбетқұлова вирусқа қарсы вакцинаны көп адамдар салдырса, індетті жоюға болатынын атап өтті. Мысалы, жаппай вакциналану арқасында көптеген аурулар, атап айтқанда қызылша, туберкулез, полиомиелиттің таралуы тоқтатады. Бұрын осы аурулардың салдарынан бүкіл әлемде көптеген адамдар көз жұмды.