Санақ жүргізушілерден жасырынудың қажеті жоқ деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков. ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес, барлық респонденттер халық санағы кезеңінде өтемақысыз оған қатысуы тиіс.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында А. Әбілдабеков «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 21-бабының 4-тармағында барлық бастапқы статистикалық мәліметтерді респонденттермен міндетті және ақысыз түрде беріледі деп жазылған.

«Қазақстанның ұлттық санағы еуропалық статистиктер конференциясы әзірлеген қазіргі заманғы халық санағының принциптеріне сәйкес келеді, олардың бірі – бұл санақ сауалнамаларының сұрақтарына жауап берген кезде адамның жауаптарды растайтын құжаттарды ұсынбай өзі шешуі. Бұдан шығатыны, санақтан өту – әрбір қазақстандықтың жалпы азаматтық борышы», - деді А. Әбілдабеков.

Ведомство басшысы Алматы тұрғындарын өздері туралы сенімді және толық ақпарат бере отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және ұлттық халық санағына белсенді қатысуға шақырды.

«Егер өткен санақтарда Қазақстан тұрғындары отбасылық санау үшін сұхбат алушыны үйде ғана күтетін болса, 2021 жылғы халық санағы алғаш рет елдің әрбір азаматына белсенді позицияда болуға және онлайн санақты сауалнамаларды жеке басы мен отбасы мүшелері үшін өздігінше толтыруға мүмкіндік береді. Әр отбасының мәліметтерін ескере отырып, оның құрылымын, құрамын, оның қажеттіліктерін, жоспарларын, орналасуын түсінуге мүмкіндік туады. Халық саны туралы барлық алынған жедел деректер белгілі бір аймақтың, облыстың, ауданның, қаланың дамуы үшін пайдаланылады», - деп жалғастырды спикер.

А. Әбілдабеков санаққа барлық санаттағы азаматтар қатыса алатынын, оның ішінде балалар үйінде тұратын балалар, қарттар үйіндегі қарттар, сотталғандар, мүгедектер қатыса алатынын айтты. Олар тікелей қай жерде, яғни осы мекемеге тіркелетін болады.

«Олар өздерінің қамқоршылары немесе олардың өкілдері не қызметкерлері, яғни күн сайын жанында болатын қамқоршыларымен бірге тіркелетін болады. Біздің Статистика департаменті жабық мекемелермен жұмыс аясында санақ сауалнамасын дұрыс толтыру үшін тренингтер өткізеді», - деді А. Әбілдабеков.