Коронавирустан ауырып тұрған барлық науқастар оңалтуды қажет етеді. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-инфекционисі Ольга Антипова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.

Коронавирустың салдары әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан емделіп шыққандар терапевт дәрігердің көмегіне жүгінулері тиіс.

«Оңалту жеңіл ауруы бар науқастарға да белгіленеді, бірақ ол үйде жүргізіледі. Бұл – қарапайым тыныс алу жаттығулары, таза ауада серуендеу, диета. Аурудың орташа және ауыр дәрежесінен кейін науқастар оңалту бөліміне жіберіледі. Мысалы, біздің ауруханада физиотерапия мен гимнастика жүргізілетін оңалту бөлімі бар», - деді О. Антипова.

Дәрігер-инфекционист кеуде қуысының төменгі бөлігінде электрофорездің қабынуға қарсы әсері барын, коронавирус жұқтырғандарды оңалту үшін қолданылатынын, сонымен қатар виброакустикалық аппараттық массаж жасалатынын айтты. Процедура 5-7 күн ішінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, коронавирустан кейін санаторлық-курорттық ем көрсетіледі. Мысалы, №5 қалалық клиникалық аурухананың емделушілері «Каменское плато» шипажайына оңалтуға жіберіледі.

О. Антипова алматылықтарды санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырды, өйткені дерт өте қауіпті және залалдары көп.

«Тіпті жеңіл немесе симптомсыз аурудың да залалы болуы мүмкін. Науқастар 30%-ы тез шарашайды, оларды ұйқысы бұзылады, шамадан тыс терлейді. Ағзада вирус жұқтырмайтын орган жоқ, ең алдымен қан тамырлары зақымданады», - деді дәрігер.

Постковидтік синдром бір аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар, емделіп шыққан балаларға да оңалту қажет.

«2020 жылдың қарашасынан бастап біздің ауруханада 380 бала емделді. Біз ауыр науқастарды кездестірмедік, сондықтан педиатр тексергеннен кейін оңалту үйде өтті. Ата-аналар мен балаларға тыныс алу жаттығуларын қалай жасау керектігі түсіндірілді. Дәрігер-реабилитолог жаттығуларды қалай жасау керектігін көрсететін бейнеролик түсірді», - деді О. Антипова.

Сөзін қорытындылаған дәрігер-инфекционист барлық дәрігерлердің емделіп шыққандарды оңалту бойынша қажетті жағдайларды толық жасайтынын атап өтті. Коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде бүйрекке, бауырға және жүрекке әсер ететін күшті препараттар қолданылатынын есте сақтаған жөн. Оңалту шараларынан соң науқастардың денсаулығы қалпына келеді.