Жүкті әйелдерде коронавирус және басқа респираторлық аурулар неғұрлым ауыр жүреді және асқынуы мүмкін. Жүкті әйелдерді емдеу тәсілі әртүрлі. Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы перинаталды орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова COVID-19 дертіне шалдыққан жүкті әйелдердің жағдайы және оларды босануы туралы кеңінен айтып берді.
Дәрігер-гинеколог жүкті әйелдердің ағзасы суық тиюге, жұқпалы ауруларға, оның ішінде КВИ-ге аса сезімтал болатынын айтты.
Мысалы, биыл Алматы қаласының перинаталдық орталығының инфекциялық бөлімінде 279 жүкті әйел мен 8 жаңа туған нәресте емделді, 191 әйел босанды. Дәрігерлер босану кезіндегі 22-ден 33-ші аптаға дейінгі босану қаупі жоғары әйелдермен жұмыс жасады.
Ә. Омарқұлова жүкті және бала емізетін аналарды коронавирустан емдеу ерекшеліктері туралы айтты. Оның айтуынша, өкпенің, бауырдың, бүйректің созылмалы ауруларынан, артериялық гипертензиядан, семіздіктен зардап шегетін, қатерлі ісікке шалдыққан жүкті әйелдер COVID-19-дың ауыр түрлерінің дамуының аса қауіпті тобы болып табылады және амбулаторлық емде болуы тиіс.
«Жүктілік кезінде өсіп келе жатқан нәресте әйелдің өкпесі мен жүрегіне қысым жасай бастайды, бұл қан айналымын қиындатады. Егер болашақ ана COVID-19-бен қатты ауырса, бұл оның жағдайын нашарлатып, тыныс алуын қиындатады. Мұндай жағдайларда дәрігерлер әйелді ауруханада өте мұқият бақылайды. Әдетте, мұндай науқастарда тыныс жетіспеушілігінің тез дамуы, түсік түсіру және мерзімінен бұрын босану қаупінің жоғарылауы байқалады. Перинатальды асқынулардың даму қаупі өте жоғары», - деді гинеколог.
Ә. Омарқұлова жедел түрде ауруханаға жатқызудың көрсеткіші – дене қызуы мен 5 күн бойы 38 С және одан жоғары температура, қызу түсіретін препараттарға төзімді, қалыпты тұрмыстық жүктеме кезінде ентігу, сөйлеу, ауру сипаты үдеуі, сатурацияның төмендеуі.
COVID-19-бен ауыр және өте ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерді, босанған және жаңа босанған әйелдерді Алматы қаласының перинаталдық орталығының акушер-гинекологы, перинатальды, неонатальды және реанимациялық терапия мамандарынан тұратын көпсалалы топ бақылап, олардың тез сауығуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.