Коронавирустық дағдарысты ұжымдық вакцинация көмегімен жеңуге болады, деп санайды McDonald's компаниясының аймақтық менеджері Дмитрий Цыганков. 20 фастфуд мейрамханасында қызметкерлер қауіпті дертке қарсы бір мезгілде екпе алды.

«Біз үлкен бизнес өкіліміз, ай сайын McDonald's мейрамханалары жарты миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта еліміздің 5 қаласында жұмыс жасаймыз: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қостанай және Қарағандыда. Біз үшін келушілердің барлығының қауіпсіздігі және денсаулығына қауіп төндірмеуі өте маңызды», - дейді Д. Цыганов.

Басқарушы маусымның басында басшылық Ashyq бағдарламасын қосу туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Бейімделу кезеңі болды, мейрамханалардың кіреберісіне жеке қызметкерді тағайындадық, ол барлық қонақтарға QR сканерлеуін қалай және қайда өту керектігін түсіндірді. Көп ұзамай Ashyq-тың барлық қоғамдық тамақтану орындарында міндетті түрде болуы туралы қаулы шықты, бірақ біздің мейрамханалар ауысуға толық дайын болды. Уақыт өте келе келушілер қосымшаны күнделікті өмірде қолдана бастады. Біз үшін қонақтар мен барлық қызметкерлердің қауіпсіздігі бірінші орында. Ashyq жобасы McDonald’s мейрамханаларындағы келушілер арасындағы жұқтыру қаупін азайтады», - деді Цыганков.

Фастфуд желісі алғашқылардың бірі болып Ashyq көшбасшысы атанды. Бұл жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік беріп, сатылымға оң әсер етті.

Басқарушының айтуынша, егер кіреберісте «қызыл» және «сары» келушілер анықталса, оларға мейрамханаға кіруге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, карантин кезінде тұрақты тұтынушылар тағамды жеткізуге тапсырыс беруді үйренді, сол себепті олар байланассыз жеткізу жүйесін қарастырды.

«Біздің қызметкерлердің көпшілігі вакцина алды. Бұл вакциналанудың 82%-ы, біздің қызметкерлердің 10%-ы кәмелетке толмағандар, ал қалғандары жүктілік пен қарсы көрсетілімдерге байланысты медқарсылықтары бар. Мен компанияда алғашқылардың бірі болып наурыз айының басында екпе алдым. Қызметіме байланысты түрлі адамдармен көптеген кездесемін, сондықтан вакцина мен үшін коронавирус инфекциясына қарсы қосымша қорғаныс болды. Вакцина алған соң өзімді, өзгені және отбасымды да дерттен қорғаймын», - деді Д. Цыганков.