Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және жылжымалы составтың санитарлық жағдайы бойынша қоғамдық көлікке тексеру жүргізілуде. 28 шілде мен 27 қыркүйек аралығында 913 қалалық көлік бірлігінде бұзушылықтар анықталды. Мониторингтік топтардың өкілдері тек жолаушыларда ғана емес, жүргізушілерде де қорғаныс маскаларының болуын тексереді.

Алматы әкімдігінде атап өткендей, рейдтер барысында бақылаудан басқа, қоғамдық орындарға бару және жол жүру кезінде маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.

Тексеру кезінде қоғамдық көлікте Маска режимін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша барлығы 178 адам және бір кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 27 қыркүйек күні сағат 19.20 шамасында жүргізілген мониторинг барысында тексерушілер Назарбаев даңғылы бойында орналасқан №127 бағыттағы автобустың жүргізушісі тарапынан заң бұзушылықты анықтады. Салонда ол маскасыз болды, жолаушыларға да ескерту жасалды.

Бұдан басқа, Түрксіб ауданының мониторингтік топтары 20-27 қыркүйек аралығында Алматы әуежайы мен "Алматы-1" ТЖ вокзалына тексеру жүргізді. Мониторинг барысында жеке тұлғалар тарапынан 12 бұзушылық анықталып, хаттамалар толтырылды.

Айта кетерлігі, Алматының 20 қоғамдық көлік кәсіпорнында жолға шығар алдында көлік құралдарын ылғалды тазартылып, дезинфекциялау жүргізіледі. Кәсіпорындарда жылжымалы құрамды үздіксіз өңдеуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті дезинфекциялық құралдар қоры бар.

Санитарлық дәрігерлер Алматы тұрғындары өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті, өйткені эпидемиологиялық тергеу мәліметтері бойынша, коронавирусты жұқтыруатын негізгі орындардың бірі қоғамдық көлік болып табылады, мұнда дерт жұқтыру 19%-ды құрайды.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өздерінің және жақын адамдарының денсаулығын сақтау мақсатында қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық көлікте эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырады. Сонымен қатар, вакциналану қажет, өйткені вакциналану жеткіліксіз болса, онда коронавирустың жаңа нұсқалары пайда болады.

Еске салсақ, Қазақстанда соңғы екі айда инфекциялардың басым көпшілігі бұрын үнділік «дельта» нұсқасынан тараған. Ол өзінен бұрынғы нұсқаларға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Мысалы, өткен тәулікте Алматыда COVID-19-дың 413 жаңа жағдайы анықталды.