Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мегаполисте ЖРВИ-дің өршуі жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Ғалымның айтуынша, коронавирустық инфекцияның, тұмаудың және ЖРВИ-дің симптомдары ұқсас. Бірақ ковидтің қосымша симптомы – дәм, иіс сезу жоғалуы және ентігудің пайда болуы мүмкін.

- Коронавирустық инфекция ПТР тестілеу арқылы жақсы анықталғаны маңызды. Оның белгілері үшін талдау жасау және кез-келген жағдайда, тіпті коронавирус болмаса да, оқшаулау ұсынылады, - деп кеңес берді профессор А. Шарман.

Профессор тыныс алу және жоғары температура кезінде ауруханаға жату керек екенін атап өтті. КВИ ауыр түрде өтетін қарт адамдардың жағдайын бақылау өте маңызды.

А. Шарман қала тұрғындарын коронавирусқа ғана емес, тұмауға да қарсы белсенді вакциналануға шақырды.

- Мен коронавирусқа, ал жақында тұмауға қарсы егілдім. Бұл екі түрлі инфекция және олардың өзрара сәйкестігі болуы мүмкін. Қос инфекцияның салдары әрқашан ауыр болады, - деді спикер.

Сондай-ақ, ол қазірдің өзінде вакцинацияланған азаматтарға, әсіресе 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдарға коронавирусқа қосымша үдеткіш вакцина алу керектігін түсіндірді.

- Израиль ғалымдары коронавирустық инфекцияға иммундық жауаптың вакцинаның алғашқы екі дозасынан соң 6 айдан кейін төмендейтінін дәлелдеді. Сондықтан ревакцинация ұсынылады. Ол қаншалықты жиі қажет болатыны әлі нақты белгісіз. Ол жыл сайын өтуі мүмкін, мұның бәрі пандемияның қалай болатынына байланысты, - деді А. Шарман.

Профессор коронавирус инфекциясы эндемиялық болғандықтан, бізбен ұзақ уақыт болады деп санайды. Кейде ол тұмау сияқты кішігірім өршиді. Сондықтан мүмкіндігінше көп адамның вакциналануы және ревакцинациядан өтуі өте маңызды.