Қала көшелеріндегі қар тазалау технологиясы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтып берді.
Ол көшелерді тазалау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшілері Алматы қаласының аудандық әкімдіктері болып табылатынын, олар конкурстық негізде көше-жол желісін күтіп ұстау жөніндегі мердігерлерді айқындайтынын хабарлады. Олар көшелерді күтіп ұстауға бақылау жасайды.
- Әрбір көшеге бюджет қаражатын бөлу оның санатына сәйкес жүру бөлігінің, тротуардың, жол жиегінің еніне, бөлу жолағының, арық желісінің болуына, қоғамдық көлік аялдамаларының санына және т.б. байланысты жүргізіледі, - деді спикер. - Көше санатына байланысты оны жинау еселігі де көзделеді, мысалы, магистральдық көшелер күніне екі рет тазаланады.
С. Құсайыновтың айтуынша, көшелерді қысқы тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес жолдардың жүру бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен себу қар жауа бастағаннан кейін 20-40 минут өткен соң жүзеге асырылады, өйткені көктайғаққа қарсы материалдың сіңуі үшін жеткілікті қар қалыңдығы қажет.
Қарды сыпыру аудан әкімдіктері бекіткен кесте бойынша, бірінші кезекте негізгі көшелерден асфальтқа жабыспайтын борпылдақ қар массасы пайда болғаннан кейін жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы себу әрбір 5 см жаңадан жауған қардан кейін жүргізіледі, содан кейін қайтадан қар күрейді, содан кейін ол шығарылады.
- Аталған технология сақталмаған жағдайда көшелерде мұз пайда болады.
Сондықтан, көктайғақтың пайда болуына жол бермеу мақсатында қардың көктайғаққа қарсы материалармен араласуын және асфальтқа жабыспайтын және асфальтқа жабыспайтын, жол жиегінен оңай алынатын жұмсақ қар массасының пайда болуын күту қажет, - деп түсіндірді С. Құсайынов.