Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді. Мегаполисте омикрон штаммының тез таралуы күтіледі. Алматылықтарда коронавирустың таралуын бәсеңдетуге – вакцинациялауға және бустерлік екпе алуға барлық мүмкіндік бар.
Аталған деректерге сәйкес, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Ержан Бабақұмаров хабарлағандай, қала сары аймақта орналасқан. Халықтың апталық аурушаңдығы 2 есеге артты. Болжам бойынша, мегаполисте індеттің тағы бір толқыны басталып, жалғасуда.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары жаңа жылдық мерекелер мен нақты оқиғаларға байланысты тұрғындар коронавирусқа тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті. Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде оң сынамаларды анықтау да артады, бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және қаланың матрицаның қызыл аймағына көшуіне әкеледі.
Ержан Бабақұмаров Алматыда коронавирус дерті өткен жылдың желтоқсан айының соңында өсе бастағанын еске салды. Сол кездің өзінде эпидемиологтар мұны омикрон штаммының таралуының басталуымен байланыстырды.
Аппараттық кеңес барысында атап өткендей, 6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижелері алынды: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген 96 үлгінің 8 сынамасынан омикрон штаммы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.
Коронавирустың дельта штаммы әлі де белсенді айналымда. Ол сынамалардың 71%-да, дельта-плюс - 16%-да, басқа штаммдарда – 4,7%-да анықталды.
Алматыда омикрон штаммының айналымын 20 жастан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында жұқтырғандардың үлес салмағының 16,4%-ға (27,7%-дан 44,1%-ға дейін), сондай-ақ 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 1,1%-ға (4,2%-дан 5,3%-ға дейін) күрт өскенін көрсететін жас құрамына жүргізілген талдау растайды. Қалған контингенттер бойынша төмендеу тіркелген (60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында – 8,6%-ға, 40-тан 59 жасқа дейінгі адамдар арасында – 2,5%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 4,7%-ға және 1 жасқа дейінгі балалар арасында 0,3%-ға).
Сонымен қатар, симптомсыз формалардың өткен жылдың желтоқсан айында 6%-дан 16%-ға дейін өсуі байқалды, бұл омикронға да тән және науқастарды уақтылы анықтау мен оқшаулауды қиындатуы мүмкін.
Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, омикрон штаммы өте тез жұғады, сондай-ақ жас ұрпақ үшін қауіп-қатер төндіреді. Ол тек вакцинация коронавирустан қорғаудың ең сенімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды омикронның таралуын төмендетуді және вакцинациялауға көмектесуге шақырды.
Бабақұмаров қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 1 077 896 адам, екі компонентпен – 1 028 180 қала тұрғыны егілді. Ревакцинация 69 018 адамға жүргізілді.
Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакцинация омикрон штаммымен жұқтыру кезінде асқынған және өлім жағдайларын емдеуге жатқызудан 70%-ға қорғайды. Бүгінгі күні Алматыда ұжымдық иммунитеттің деңгейі әлі де төмен, иммундық қабат бар болғаны 59,4%-ды құрайды (вакциналанғандар - 49,4%, ауырып жазылған адамдар – 10%).