19 қаңтар күні сағат 16.15-тен бастап Алматы қаласында қар жауа бастады. Сағат 21.00-де қаланың жоғарғы бөлігінде 6-8 см қар жауды.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 1100 тонна пайдаланылды.
Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде, сондай-ақ негізгі магистралды көшелерде қар күреу жүргізіледі.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Техниканың түнгі уақытта шығуы 535 бірлікті құрайды, оның ішінде 208 құмшашқыш және 338 жол жұмысшысы.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын 20 қаңтарда түске таман аяқталады деп күтілуде. Ауа температурасы бүгін түнде 0, -2 градус, күндіз 20 қаңтар +1, +3.