19 қаңтар күні сағат 16.15-тен бастап Алматы қаласында қар жауа бастады. 20 қаңтар сағат 07.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 20 см-ге дейін, қалада 6-8 см қар жауды.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 2077 тонна пайдаланылды.
Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде қар күреу жүргізіледі. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Техниканың түнгі уақытта шығуы 535 бірлікті құрайды, оның ішінде 208 құмшашқыш және 338 жол жұмысшысы. Таңертең 562 арнайы техника бірлігі, 160 құмшашқыш және 1493 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын түске таман аяқталады деп күтілуде. Ауа бүгін 20 қаңтар күндіз +1, +3.