Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы активінде Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және мегаполисті одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша сөйлеген сөзінде қауіпсіздік пен байланыс инфрақұрылымын күшейту жұмыстары туралы айтты.
«Соңғы оқиғалар соңғы екі жылда қаладағы халықтың қауіпсіздігі үшін бейнебақылаумен қамту аймағын ұлғайту бойынша біздің жұмысымыздың дұрыстығын көрсетті. 2021 жылы 1000-нан астам камера, жол қауіпсіздігі үшін 2258 «Сергек» камерасы (766 АПК) жаппай жиналатын жерлерде бейнемониторинг жүйесі іске қосылды, мектептерден тағы 2620 камера және аулалардан 4 мыңнан астам камера полицияның жедел басқару орталығына шығарылды», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Алматы әкімінің айтуынша, екі жыл ішінде ЖКО ЖБО-ға қосылған камералар саны 4 еседен астам өсті (2019 жылғы 2,5 мыңнан 11 мыңнан астам камераға дейін). Биыл Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу және Медеу аудандарында аудандарындағы көпшілік жиналатын жерлерде қосымша 3,5 мың камера қосылып, қаланың шалғай аудандарында 200-ге жуық «Сергек» кешені орнатылады.
Өрт қауіпсіздігін арттыру үшін қалаға қосымша деполар қажет. Осыған байланысты Б. Сағынтаев аз жабдықталған аудандарда жаңа деполарды жобалау мен салуды бастауды тапсырды.
Қазіргі уақытта Аюсай және Ақсай өзендерінің шатқалдарында 2022 және 2023 жылдарға аяқталатын сел ұстайтын екі бөгет салынуда. Сейсмикалық қауіптерді ескере отырып, ағымдағы жылы 11 сейсмикалық станция мен 2 талдау пунктін орнату арқылы халықты жер сілкінісінің жақындап қалғаны туралы алдын ала ескерту жүйесі енгізіледі.
«Біз шұғыл түрде диспетчерлендіруді және уақтылы әрекет ету үшін қызметтердің жұмысын үйлестіруді қайта қарауымыз керек. Тұрғындар төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білуі керек. Осындай жобалардың бірі жақын арада бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметтің ашылуы болады («911» аналогы). Қазір жабдықтарды жөндеу және қызметкерлерді оқыту жүріп жатыр», - деп атап өтті әкім.
Б. Сағынтаев интернеттің және мобильді байланыстың қолжетімділігі мәселелерін шешу жөніндегі жұмысқа инвесторларды тартқанын айтты. Осының арқасында өткен жылы 500 км магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілері салынды, 1,8 мың км клиенттік кабель төселді. Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат (Түрксіб ауданы) шағын аудандарының, Достық, Алтын бесік шағын ауданының (Әуезов ауданы), Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар, Қалқаман-2, Шұғыла (Наурызбай ауданы) шағын аудандарының, Алғабас, Теректі (Алатау ауданы) шағын аудандарының тұрғындарында интернетке қосылу мүмкіндігі пайда болды. Биыл ТОБЖ құрылысы жалғасады және Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарындағы 20 мыңнан астам абоненті бар тағы 23 шағын аудан қосылатын болады.