Науқан«Алматы–біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткізіледі

 2024 жылғы 8 сәуірде басталған «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» науқаны өтеді.

Науқанның өтетін мерзімі: 2024 жылғы 15 сәуір - 8 мамыр.

«Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» - бұл адамдарды купондар сияқты сыйақыларға айырбастау үшін қалдықтарды жинауға және қайта өңдеуге тапсыруға ынталандыратын экологиялық бастама. Науқан қалдықты қайта өңдеу мәселесі мен маңызы туралы қоғамды хабардар етуге бағытталған.

Байқауға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қамтитын қайта өңдеуге арналған қайта өңделетін заттардың белгілі бір мөлшерін өз бетінше жинау ұсынылады.

Бұдан әрі жоғарыда аталған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады:

Қабылдау пункттері

Мекен-жайлар

1

Ecosen

Байзақов көшесі, 73/1

2

Ecosen

Розыбакиев көшесі, 247/3

3

Ecosen

Нұркент шағын ауданы, 7/1

4

Kazakhstan Waste Recycling

Тимирязев көшесі, 81/3 дүңгіршек

5

Kazakhstan Waste Recycling

8-ші шағын ауданы, 58а

6

Kazakhstan Waste Recycling

Самал-1 шағын ауданы, 32 дүңгіршек

7

Kazakhstan Waste Recycling

Ақсай-3 шағын ауданы, 1а/1

*** Мекенжайлар толықтырылады және өзгерістер болуы мүмкін

Әрбір өткізілген материалды бес түрлі купонға айырбастау ұсынылады: пицца, гамбургер, кофе, донер және додстер купоны. Әрбір купонда науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайы бар өзінің бірегей промокоды болады.

Қайта өңделетін заттарды мына шартпен купонға айырбастауға болады:

  • 2 келі макулатураны (қағаз, картон) кофе купонына;
  • 1 келі пластик бөтелкені (ПЭТ-бөтелке) бургер купонына;
  • 1 келі алюминий банканы донер немесе додстера купонына;
  • 3 келі түссіз шыны (түссіз) бөтелкені пицца купонына.

Науқанның серіктестері – фаст-фуд желілері: Salam Bro, DodoPizza, Gippo, Degirmen.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.