Қазақстандық спортшылар барлық қала тұрғынын «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына атсалысуға шақырды

«Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ауқаны басталды. Бір ай бойы қаланы көркейту жұмыстары ұйымдастырылады. Біз қала тазалығын қолдаймыз, спортшылар спортта ғана емес, өз қаласына деген үлкен сүйіспеншілік көрсету арқылы да үлгі боламыз. Әлемімізді таза ұстайық», - деп шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ксения Балабаева қала тұрғындарын науқанға қатысуға үндеді.

Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина алматылықтарға өзінің ауласы мен қоршаған ортаға мән беруді айтып, бастаманы қолдады.

«Алматының өзге тұрғындары сияқты мен де қаламды өте жақсы көремін. Әсем қаламызды көркейту жолында махаббатымызды аямайық, тазалықты өз ауламыздан бастайық», - деді Ольга Шишигина бейнежазбада.

Ат спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрила Тұрысбекова халықты қалада тазалықты сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.