Құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану саласының кәсіпкерлері мен автодилерлер «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысуда. Шараға BAZIS-A, DOSCAR GROUP, Zeta, Magnumlife, ТРЦ «Moskva», Pub Dublin, рестораны «СКАНДАЛИСТЪ», «Çiçek Mangal» мейрамханалары мен т.б атсалысып, құр сөзбен емес, іспен дәлелдеуде.

«Біз қаламыздың әкімі Ерболат Досаевтың «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қозғалысын қуана қолдадық! Бүгін біздің команда Сәтбаев көшесінен жоғары Үлкен Алматы (Үлкен Алматы) өзенінің жағалауын тазалаумен айналысты. Әрқайсымыз Алматыны таза, жарқын әрі әдемі ете аламыз!» – деді Базис-А өкілі.

Кәсіпкерлер, түрлі ұйым басшылары мен олардың қызметкерлері қаланы таза әрі әдемі ету әркімнің қолынан келетінін сөзбен емес, іс жүзінде көрсетті.

«Бұл айда көшелерді, аулаларды, қоғамдық кеңістікті тазалап, тау мен өзен арналарын тазартуға күш саламыз. Сондай-ақ, ағаштар мен жасыл желек отырғызу жоспарда бар. Баршаңызды осы қалалық іс-шараға қатысуға шақырамыз», – деп атап өтті «Moskva» СОО әкімшілігі.

Белсенділер тазалық пен тәртіп орнату челленджін бизнестің басқа өкілдеріне де жіберуде.

«Алматы — біздің ортақ үйіміз. Қала біздің мақтанышымыз әрі мұрамыз. Сондықтан оны әрқайсымыз болашақ ұрпақ үшін одан да жақсырақ, таза әрі жайлы етіп ұстауымыз керек. Біздің қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша осындай маңызды және пайдалы науқанға қосылуға шақырамыз», — деді Pub Dublin өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.