Науқан басталғаннан бері қала тұрғындарына ашық көк, жасылдан сұр және шоколад реңктеріне дейін түрлі түсті 2,4 мың литр бояу тегін таратылды. Қала тұрғындары алынған лак-бояу материалдарын өз аулаларындағы беседкалар мен орындықтардың, сондай-ақ жеке үйлердегі қоршаулар мен қақпалардың көрінісін жақсарту үшін пайдалануда.
«Көктем келді, қыс мезгілінде, тұрақты жауын-шашын кезінде жарылған және тозған қоршауларымызды ретке келтіру керек. Өз үйіміз бен учаскемізді жаңартуға мүмкіндік бергендеріңізге қуаныштымын», - деп бөлісті Алмалы ауданының тұрғыны Нина Ивановна.
«Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды көрсет» акциясы «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткізіліп, 8 мамырға дейін жалғасады. Негізгі назар халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ)санатына аударылуда.
Акцияларға қатысу үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жүгіну қажет. Лак-бояу заттары өтеусіз негізде бір қолға 2 кг-ға дейін ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.