Алматыда мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ұжымдық иммунитеттің сақталуына бақылау күшейтілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова айтып берді.
Оның айтуынша, өткен жылы қызылша ауруының жағдайлары 200 мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тіркелді. Барлығы 248 бала науқастанды. Негізгі себебі - вакцинациямен қамтудың төмен деңгейі.
Бұл жағдайдың себебі мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларда вакцинацияның болмауы болып табылды. Мұндай жағдай ұйымдасқан балалар ұжымдарында әртүрлі вакцинамен басқарылатын инфекциялардың топтық, өршуіне әкелуі мүмкін, бұл 2023 жылы қызылша ауруының өршуін көрсетті», - де атап өтті Ж.Отарбекова.
Осыған байланысты, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі балабақшаларда ұжымдық иммунитеттің сақталуына бақылауды күшейтті. Қаланың 870 мектепке дейінгі балалар мекемесіне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның нәтижесі бойынша 157 хаттама жасалды.
Сонымен қатар, ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру үшін семинарлар, дәрістер өткізіліп, әңгімелесулер жүргізілді. Әлеуметтік желілердегі ақпараттық науқан да жанданды.
«Ата-аналармен және мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерімен 278 рет әңгіме жүргізіліп, қаланың аудан әкімдіктерінде ведомствоаралық комиссияның 10 отырысы өткізілді, мектепке дейінгі мекемеде табын иммунитетінің сақталмауы бойынша аудандық білім бөлімдеріне 11 хат дайындалды, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерде қаладағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинацияның маңыздылығы, сондай-ақ профилактикалық екпелерден бас тартудың салдары туралы 90 ақпарат орналастырылды», - деп атап өтті ол.
Қорытындылай келе, ӨКҚ спикері ата-аналарды балаларын вакцинациялау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинация күнтізбесін сақтауға шақырды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ