21 қазан сағат 15:00-де "Almaty Resort" шипажайы Халықаралық алма күнін бірге атап өтуге шақырады! Бұл мереке қала тұрғындары мен шипажайымыздың қадірлі қонақтарын біріктіретін жыл сайынғы дәстүрімізге айналды.

 Халықаралық алма күніне орай біздің аспаздар арнайы рецепті бойынша жаңа піскен алмадан жасалған 1000 порция кондитерлік өнім дайындайды. Мерекенің ерекше безендірілуі алма мұражайының инсталляциясы, іс-шараның әр бұрышы алманың бай тарихы мен аймақ мәдениетіндегі маңызы туралы баяндайды. Онымен қоса, қонақтарды отандық эстрада жұлдыздары Ерлан Көкеев, Нұрлан Еспанов және басқа да әртістер мен музыканттардың қойылымдары бар ойын-сауық бағдарламасы күтеді.

Мереке шипажай аумағында таулардың етегіндегі әсем тротуар аймағында өтеді. Бағдарламада түрлі жарыстар, дәм тату, шеберлік сағаттар және қойылымдар бар. Алма институтының мамандары Алматының тарихы және оның алмамен байланысы туралы әңгімелейді.