Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен жастар қауымдастық орталығында шынайы шабыт пен жылы сезімдерге толы ерекше күн болды.

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік жобасының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының күніне арналған шығарма байқауына жиналды. Бұл жас өрендер — қазақ және орыс тілдерінде білім алатын балалар — өз шығармаларында Отанға деген махаббаттарын, оның тарихы мен дәстүрлеріне деген терең құрметін жүректерінің төрінен алып шықты.

Қазылар алқасы құрамында №130, 113 және 139 мектептердің қазақ және орыс тілі мұғалімдері болды. Ұстаздардың біліктілігі мен әділ көзқарасы балалардың еңбегін жоғары бағалауға мүмкіндік берді.

Осындай байқаулардың мақсаты — тек үздіктерді анықтау емес, балалардың бойында шығармашылық әлеуетін ашып, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін нығайту. Барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

22102024 5

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Қазақ тілінде оқитын балалар арасындағы байқау жеңімпаздары:

I орын — Елубай Жасмин, Серік Зере, Алмабек Айару, Омарқұл Тәуекел;
II орын — Төлеубек Мади, Орынбай Айзере, Берікқызы Райана;
III орын — Болатов Елнұр, Мұрат Дайана, Жұмабек Айкөркем.

Орыс тілінде оқитын балалар арасындағы байқау жеңімпаздары:

I орын — Момыгул Сара;
II орын — Нұрсұлтанқызы Диана;
III орын — Мұхтар Алихан.

Құрметті тәрбиеленушілер, сіздердің әрқайсыларыңыз үлкен мақтауға лайықсыздар. Сіздер өз шығармаларыңыз арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктің тілге де, жасқа да бағынбайтынын дәлелдедіңіздер. Еңбектеріңізге үлкен алғыс! Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен құттықтап, болашақта жаңа табыстар тілейміз!