Орталық Мәдениет Паркінде «Наурыз – Жаңару!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мен бөлімшелері қатысты. Қонақтар домбыра, хор және би ансамбльдерінің өнерін тамашалап, ұлттық қолөнер мен шығармашылық жұмыстарының көрмесін аралады. Сонымен қатар, Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, мейрамның ерекше атмосферасын сезінді.
Бұл күн – тек көктемнің келуін ғана емес, сонымен қатар жаңаруды, рухани бірлікті білдіреді.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!
Іс-шараны ұйымдастырушы – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Бекетаева Сауле Станиславовна.