15 мамыр күні Наурызбай ауданы, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының №2 бөлімшесінде 2-ауысым тәрбиеленушілері үшін «Бұл менің отбасым» атты жүрекке жылы тиер ашық сабақ өтті.
Бұл сабақ – жай ғана тәрбие сағаты емес, әр баланың жүрегіне отбасына деген сүйіспеншілік дәнін сеуіп, оның қадірі мен қасиетін ұғындырған шынайы рухани сабақ болды.
Сабақтың мақсаты:
Балаларға отбасы ұғымының терең мағынасын ашу – оның тек қан байланыс емес, махаббат пен қамқорлықтың, сенім мен жауапкершіліктің алтын бесігі екенін түсіндіру.
Отбасы – ұлттық тәрбие мен адамгершілік бастауы, баланың ең алғашқы мектебі. Осыны жүрекпен сезіндіру – сабақтың басты өзегі болды.
Сабақ барысында балалар өз отбасылары жайлы әңгімелеп, суреттер арқылы жүректеріндегі ең жылы естеліктермен бөлісті. Әрбір сөздерінен – мақтаныш, махаббат пен ризашылық сезімі байқалды. Көздерінен отбасына деген риясыз сүйіспеншілік көрініп тұрды.
Бұл сабақ – бала жүрегіндегі отбасылық құндылықтарды оятқан, олардың рухани өсуіне себеп болған ерекше сәтке айналды.
Осындай тәрбиелік шаралар – болашақта саналы ұрпақ өсірудің берік іргетасы.
Сабақты өткізген – жүрегі жылы, бала жанының тамырын тап білетін ұстаз-тәлімгер Даутова Бахыт Майкеновна.