2025 жылдың 22 мамыр күні Aport Mall West-те журналистер мен блогерлерге арналған баспасөз конференциясы өтті.
Аталған шара еліміздегі ең ірі сауда орталықтарының бірі — Aport Mall West нысанының қайта жасақталып, сондай-ақ аквапарк Miami Sunrise (Hawaii & Miami) атты жазғы аймағының ауқымды жаңартылуына арналды.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Miami Sunrise аквапаркінің жаңартылған жазғы аймағының тұжырымдамасын таныстырды. Сонымен қатар, Aport Mall West реконструкциясы аясындағы сәулет және инженерлік шешімдерімен бөлісті. Конференция барысында отбасылық демалысқа арналған инфрақұрылымды дамыту және жайлылықты қамтамасыз ету жайы тілге тиек етілді.
Конференция спикерлері:
- Бас директордың құрылыс және жаңа жобалар жөніндегі орынбасары– Цатиашвили Морис Шерифович
- Aport моллдарын басқарушы директор – Мұхамеджанов Тимур Маратұлы
- Hawaii & Miami және Sanremo Resort&SPA аквапарктерін басқарушы директор – Астаева Айгүл Қайырғазықызы
- Aport моллдарының Маркетинг жөніндегі директоры – Амренова Динара
Aport Mall West ашылғаннан бастап 16 жыл ішінде сауда орталығын 180 млн-нан астам қонақ тамашалап үлгеріпті. Қазіргі таңда мұнда 250-ден астам жалға алушы жұмыс істейді, 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. 2009 жылдан бері Eurasia RED компаниясы Қазақстандағы алғашқы Aport West моллында сәтті жүзеге асырып келе жатқан Lifestyle форматындағы тұжырымдама International Property Awards пен Bloomberg ұйымдарының шешімімен Қазақстандағы ең үздік сауда нысаны ретінде танылған болатын.
Aport Mall West Орталық Азиядағы ең ірі молл, сауда мен демалыстың мүлде жаңа форматын ұсынатын бұл молл 210 000 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Мұндай ай сайын бір миллионнан астам қонақ келеді. Қонақтарға жайлы шопинг жасау үшін әлемдік және халықаралық деңгейдегі 100-ден астам бренд шоғырланған. Олардың көпшілігі – Koton, DeFacto, LC Waikiki, Reserved, Colin’s, New Yorker, O’stin және тағы басқалары – өздерінің Қазақстандағы алғашқы дүкендерін дәл осы Aport Mall West орталығында ашқан.
Молл аумағында барлық жастағы балаларға арналған ең танымал және бірегей ойын-сауық түрлерін ұсынатын ірі әрі ерекше Funky Town мен Funky World отбасылық ойын-сауық парктері орналасқан. Бұл парктер біртұтас тұжырымдама аясында келесі аймақтарды қамтиды:
- Аттракциондар мен ойын аймағы, барлық жабдықтар АҚШ пен Еуропадан жеткізілген;
- Белсенді ойын алаңы – үлкен лабиринт, сәби бөлмелері, кедергілер жолағы, сырғанақтар, арқан жолдары және тағы басқа ойын түрлері;
- Балалар кафесі – туған күндерге арналған бөлмелер мен концерттер және мерекелік іс-шараларға арналған сахна бар;
- Заманауи VR-аймақ пен жарқын 3D және 2D декорациялар – декоративтік жарықтандыру Бельгиядан арнайы әкелінген.
Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы су ойын-сауық кешені — Hawaii Miami Aquapark & SPA ерекше су аттракциондарымен, 14 түрлі толқыны бар айдынды теңізімен, тақырыптық барлар мен мейрамханаларымен, 2500 м² аумақтағы кең SPA-орталығымен және еуропалық стандарттарға сай су тазарту және сүзгілеу жүйесімен ерекшеленеді.
Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін аквапарктың жазғы аймағы Miami Sunrise атауымен қайта ашылып, келушілерге заманауи бассейндер мен су аттракциондарын, жағажай демалысының атмосферасы мен қауіпсіздіктің заманауи технологиялары үйлескен ерекше су кешенін құрайды.
Пресс тур барысында қатысушылар жаңартылған аймақтармен танысты. Атап айтқанда:
Splash-аймақ – әртүрлі су ойын элементтерімен жабдықталған балаларға арналған ойын алаңы;
- Жаңа баскетбол алаңы;
- 4 жаңа бассейн, оның ішінде бірі – термалды;
- Жазғы жаңа асүй, жаңа мәщірінде дәмі тіл үйіретін тағамдары бар.
Назира Бурханова