Цифрлық қызметтердің DG market маркетплейсінде субсидиялау құралы бойынша ыңғайлы функция пайда болды. Енді несие алушы субсидиялау шартына қосылу өтінішін осы платформада жолдай алады.
Бұл шарт – субсидиялаудың негізгі талаптары жазылатын, кәсіпкер мен Банк/Лизингтік компания арасындағы құжат. Ол – өтінішке қол қою арқылы қабылданады.
Бұл қызмет кімге пайдалы?
- Банктер мен лизингтік компаниялар үшін ыңғайлы. Енді қызметті таңдап, несие алушының мәліметтерін енгізсе болды – құжат автоматты түрде екі тілде дайын болады!
- Қызмет алушыға да ыңғайлы. Сізге өтініш пен өтеу кестесі бар құжат электрондық түрде қол қоюға келіп түседі. Бұл опция субсидиялау шартын қарау және оған қол қою кезінде уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді.
«Даму» қоры Қазақстанда МШОК қолдаудың тиімді құралдарын дамытуда. Documentolog-пен ынтымақтастық орнаған жылдар ішінде Қор маңызды қызметтерді цифрлық форматқа көшірді. Оның ең негізгілері – субсидия және кепілдік беру шарттарына қол қою.
Сілтеме https://market.documentolog.com/services?for=business