Жеңілдікпен несиелеуді көздейтін бұл бағдарлама аясында «Bank RBK»-ге де 4,3 млрд теңге салдық.

«Даму-Өндіріс» бағдарламасы экономиканың басымдық берілген салаларындағы өңдеу өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсететін салаларды қолдауға арналған.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  • Максимал сома - 3 млрд 600 млн теңгеге дейін (тамақ өнеркәсібі саласында лимит жоқ)
  • Несие мерзімі - 10 жылға дейін
  • Пайызы - жылына 6%-дан аспайды
  • Сала - басымдық берілген салалар тізбесі бойынша

Несие алу үшін 7888 нөмірін теріп, «Bank RBK»-ге хабарласу керек.

Бағдарлама шарттары жайлы толығырақ білу үшін Қордың өз өңіріңіздегі филиалына немесе 1408 қысқа нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады. Басымдық берілген салалар тізімі damu.kz сайтымызда бар.