Құрметті кәсіпкерлер мен бизнес бастауға ынталы жандар!
«Даму» Қорының барлық қызметі – тегін.
Қор бөгде кеңесші, делдалдармен ресми жұмыс істемейді. Қор арқылы субсидия немесе кепілдік алу үшін ешкімнің ақша талап етуге немесе дәметуге құқы жоқ. Себебі өтінім беруден бастап, шартқа қол қоюға дейінгі барлық қызмет цифрланған.
Соңғы кезде бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларын алуда «көмек» ұсынып, «жеңілдікті шарттармен берілетін несие, субсидия немесе кепілдік алуда оң шешім шығаруға» уәде беретін жандар пайда болды. Бұл әрекеттерімен олар кәсіпкерлердің қалтасын қағып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына деген елдің сенімін жояды.
«Даму» Қоры арқылы жеңіл несие, субсидия, кепілдік алу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жайын білгіңіз келсе 1408 нөмірі бойынша біздің кол-орталыққа (тегін) хабарласыңыз. Қордың филиалдары барлық облыста, ірі қалаларда бар. Клиенттермен жұмыс істейтін арнайы менеджер кәсіпкерлерге Қор қызметі, бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, мемлекеттік қолдау түрлері жайлы түсіндіруге дайын. Ал алаяқтық фактілерін білсеңіз Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына ақпарат жіберіңіз.