2026 жылдың 16 маусымында Emirates SkyCargo (Emirates әуе компаниясының еншілес ұйымы ) жүк тасымалы Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағымен алғашқы рейсін орындады. Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жүк рейсін авиациядағы дәстүрлі су доғасымен қарсы алды.

Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізді.

Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компания аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді.

Алматы халықаралық әуежайы Emirates SkyCargo компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналды.Жаңа жүк бағытының іске қосылуы Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс және әлемнің басқа өңірлері арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтады.