Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін Орталық Азиядағы ең тартымды бағыттардың біріне айналып келеді. Мұндай сенімнің жарқын мысалдарының бірі – Carlsberg Kazakhstan.

Компания ширек ғасырға жуық уақыт ішінде жергілікті кәсіпорыннан еліміздің ірі өндірістік ойыншыларының біріне айналып, экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және заманауи технологиялардың енгізілуіне елеулі үлес қосып келеді.

"Ақ-Нардан" халықаралық компанияға дейінгі даму жолы

Кәсіпорынның тарихы 1998 жылы Алматыда «Ақ-Нар» атауымен басталды. Кейін 2006 жылы «Ирбис» пен «Ақ-Нар» компаниялары бірігіп, «Дербес» ЖШС құрылды. Ал 2008 жылы әлемдегі ең ірі сыра өндірушілерінің бірі саналатын Carlsberg Group стратегиялық инвестор ретінде кәсіпорынға келіп, өндірісті жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Осы кезеңнен бастап зауытта ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, халықаралық сапа стандарттары енгізілді, өндірістік желілер жаңартылып, технологиялық тиімділік артты. Қазақстандағы кәсіпорын бүгінде халықаралық тәжірибе мен отандық өндірісті ұштастырып отырған ірі өндіріс орындарының біріне айналды.

Заманауи өндіріс және мыңдаған жұмыс орны

Бүгінде Алматыдағы өндірістік кешеннің қуаттылығы *жылына 300 миллион литрді* құрайды. 13 гектар аумақта орналасқан кәсіпорында 500-ден астам маман еңбек етеді. Ал республика бойынша дистрибьюторлық компанияларда 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.

Компания өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, кадрлық әлеуетті дамытуға да ерекше көңіл бөледі. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорын қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасап отыр.

Қазақстан экономикасына қосылған қомақты инвестиция

Carlsberg Group Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі саналады. 2008 жылдан бері компания еліміздің экономикасына 250 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция* құйып, өндірісті жаңғырту мен жаңа технологияларды енгізуге қаржы бағыттады.

Компанияның экономикаға қосқан үлесі инвестициямен ғана шектелмейді. Carlsberg Kazakhstan Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына кіреді. 2025 жылдың өзінде кәсіпорын бюджетке **37 миллиард теңгеден астам салық аударып, мемлекеттік кірістердің артуына өз үлесін қосты.

Отандық өндірушілерге басымдық

Компания өндірістегі жергілікті қамтуды арттыруға ерекше мән береді. Бүгінде сатып алынатын шикізат пен материалдардың 71,5 пайызы
Қазақстанда өндіріледі

Арпа мен бидайдан бастап, шыны бөтелке, алюминий банка және картон қаптамаға дейінгі негізгі материалдардың басым бөлігі отандық кәсіпорындардан сатып алынады. Бұл қазақстандық өндірушілердің тұрақты дамуына, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің өркендеуіне оң әсерін тигізіп келеді.

Тұрақты даму – компанияның басты басымдығы

Қазіргі таңда өндіріс көлемімен қатар, экологиялық жауапкершілік те маңызды көрсеткіштердің біріне айналды. Carlsberg Kazakhstan бұл бағытта халықаралық стандарттарды ұстана отырып, табиғи ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

2025 жылы компания бір литр өнім өндіруге небәрі *2,16 литр су* жұмсап, өз тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Соңғы он жылда кәсіпорын:

  • көміртегі шығарындыларын екі есеге жуық қысқартты;
  • суды тұтынуды 42 пайызға*азайтты;
  • электр энергиясын пайдалануды 50 пайыздан астам* төмендетті.

Бұл көрсеткіштер өндірістегі энергия тиімділігін арттыруға және заманауи экологиялық технологияларды енгізуге бағытталған ұзақмерзімді жұмыстың нәтижесі.

Carlsberg Central Asia: жаңа инвестициялық кезең

Компания алдағы жылдары да Қазақстандағы инвестициялық жобаларын жалғастыруды көздеп отыр. Соның ең ірісі – Алматы облысында салынатын Carlsberg Central Asia жаңа зауыты.

2026 жылы іске қосылуы жоспарланған кәсіпорында PepsiCo компаниясының лицензиясы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан нарығына арналған алкогольсіз сусындар өндірілетін болады.

Жобаның жалпы құны 344 миллион АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар жаңа өндіріс орны іске қосылғаннан кейін 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қазақстанның өндірістік әлеуетін арттыратын жоба

Сарапшылардың пікірінше, мұндай ауқымды инвестициялық жобалар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа технологиялардың келуіне, экспорт мүмкіндіктерінің кеңеюіне және жергілікті кәсіпорындардың дамуына серпін береді.

Carlsberg Kazakhstan-ның жаңа өндірісі Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды өндірістік орталық ретіндегі орнын нығайтып, халықаралық компаниялардың ел экономикасына деген сенімін тағы бір мәрте айқындайды.

Ұзақ мерзімді серіктестік пен жауапты бизнес үлгісі

Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Carlsberg Kazakhstan жергілікті кәсіпорыннан халықаралық деңгейдегі өндіріс орнына айналды. Компания өндірісті жаңғыртуға, қазақстандық жеткізушілерді қолдауға, экологиялық бастамаларды дамытуға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты түрде қаржы салып келеді.

Бүгінде Carlsberg Kazakhstan – тек сусын өндіруші ғана емес, ел экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлес қосып отырған әлеуметтік жауапты халықаралық компаниялардың бірі.

Фотограф Кузнецова Индира