Өскелең ұрпақтың кәсіпкерлік бастамалары мен бизнес дағдыларын қолдау және дамыту мақсатында 2022 жылдың 23 маусымында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ХБА колледжі базасында «Startup Day» өтеді. Үздік жобаларды Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері таныстырады.

Шара аясында көрме және стартаптардың үздік кәсіпкерлік жобаларын қорғау ұйымдастырылады. Сондай-ақ кәсіпкерлер «Маркетинг дегеніміз не және адғашқы табысты қалай табуға болады», «Жеке сұлулық салонды қалай ашуға болады», «Энергияны қайдан алуға болады», «Мейрамхана бизнесін қалай ашуға болады» тақырыптарында тренингтер, шеберлік сабақтарын өткізеді.

Шара Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Халықаралық Бизнес академиясының колледжі ұйымдастыруымен қтеді.

Іс-шараға белгілі жас кәсіпкерлер шақырылды.

Өтетін күні мен орны: 23 маусым, сағат 10:00, Qaynar Bulaq, Алматы Менеджмент Университеті, Розыбакиев к. 227