2022 жылғы 13 тамызда ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында "ІІМ орталық аппараты, Полиция департаменттерінің басқармалары, қалалық (аудандық) полиция басқармалары (бөлімдері), бастықтарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес қосымша білім беру" бағдарламасы аясында орта басшы құрам факультетінің (№2 факультет) білім алушылары Алматы қаласы қоғамдық институттарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге "Жетісу күші" қоғамдық қорының құрылтайшысы, "Іѕкег ana" әлеуметтік үйінің басшысы А. О. Абитаева және Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, "ALFA&CO" адвокаттық кеңсесінің құрылтайшысы Э. Д. Коспулова қатысты. Кездесуді академияның жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды.
Кездесу барысында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты проблемалық мәселелерді, балаларды күтіп-бағуға арналған төлем бойынша міндеттеріні орындамағандарды жауапкершілікке тарту мәселесін және осы проблемаларды шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ кездесуде көп балалы аналарға заңгерлік және психологиялық көмек көрсету және оларды қолдау мәселелері де талқыланды.
Алматы академиясында өткен кездесу жергілікті жерлердегі басшылардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы жауапкершілігіне деген сенімді арттыра түсті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы