Жаңа оқу жылы қарсаңында 2022 жылдың 17 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Налоги Алматы» ірі паблигімен және «Glasman» компаниялар тобымен бірлесіп Алматы қаласының тұрғындары үшін конкурс жариялайды!

Әр түрлі жастағы қыздар мен ұлдарға арналған мектеп формасы және рюкзактар сыйға тартылады.

Конкурсқа қатысу үшін «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасында тіркеуден өту жеткілікті.

Бұл қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға, салық төлеуден бастап берешек туралы ақпарат алуға дейінгі түрлі қызметтер бар.

Қосымшаны «App Store» немесе «Play Market» платформаларында орнатуға болады.

Жеңімпаздар апта сайын сәрсенбі күндері кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады, бірінші ұтыс ойыны 24 қыркүйекте mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасында, кейін «Almaty» телеарнасында тікелей эфирде өткізіледі.

Барлықтарыңызға сәттілік! Біздің парақшамыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!