Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық өкілдерін Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін қаражат жинауға қатысуға шақырады. «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша Ұлттық палата Қостанай облысында өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету және залал көлемін есептеу үшін штаб құрды.

«Қазір отандастарымыз, әріптестерімізге қолдау көрсету өте маңызды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен бизнес туралы ақпарат жинау штабын ұйымдастырды. Бизнес өкілдерін зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша қаржылау көмек беруге шақырамыз», – деді Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Күшіміз Бірлікте» - «Сила в единстве» зардап шеккен бизнесті қолдау қорының төрағасы Максим Барышев.

«Күшіміз бірлікте» қорымен қаражат жинау және зардап шеккендерге төлем жасау бойынша келісім жасалды.

«Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері өздерінің ауызбірлігін көрсетті, қол ұшын созды. Өйткені біздің күшіміз – бірлікте. Қазір қостанайлық кәсіпкерлерге көмек қажет. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының атынан қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі кәсіпкерлерге қостанайлық әріптестірін қолдауға, ШОБ нысандарын тезірек қалпына келтіру үшін қаржы бөліп, көмек көрсету туралы өтініш білдіргіміз келеді», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетов.

 «Күшіміз бірлікте» зардап шеккен бизнесті қолдау қорының реквизиттері:

«Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі,

БСН 220140002583;

«Банк ЦентрКредит» АҚ есеп-айырысу шоты: KZ268562203115072353;

«Банк ЦентрКредит» АҚ реквизиттері:

БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX

БСН/БИН 980741000260

Сонымен қатар өрттен зардап шеккендер және көмек берем деуші азаматтар ҰКП байланыс орталығына 1432 және ӨКП қызметкерлеріне хабарласа алады: + 7 777 037 77 78 , +7 705 153 91 07, +7775 963 10 00.

Дереккөз: https://atameken.kz/kk/news/47793-biznes-pomogaet-biznesu-fond-podderzhki-postradavshego-biznesa-kshmz-brlkte-otkryvaet-sbor