Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 30 жасар ер адам оң жақ сан сүйегінің ығысуымен ашық көп бөлікті сынықпен түсті.

Сынықтың ашық болуына байланысты операциядан кейінгі кезеңде инфекциялық асқыну қаупі жоғары болды. Сан сүйегі басының сынуы осы аймақтағы қан айналымының нашарлығына байланысты сынықтың біріктірілмеуі салдарынан мүгедектікке әкеледі.

Науқастың жас екенін, яғни оның бұлшық еттері күрделі реабилитацияға дайын екенін ескере отырып, аурухананың ортопедтері эндопротездеу емес, мүшені сақтайтын операция жасауды ұйғарды, яғни науқастың барлық сүйек пен буындарын аман алып қалды.

Науқасқа операцияны 2 кезеңде жасау туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде оң жақ сан сүйегінің сынығын сыртқы бекіту құрылғысымен тұрақтандыру жасалды, бұл науқасты белсендіруге мүмкіндік берді.

Осыдан кейін науқас жаралары жазылып, зертханалық көрсеткіштер тұрақтанғанша амбулаторлық емделуге жіберілді. Екі аптадан кейін науқас өз бетімен балдақтың көмегімен жүре бастады.

Екінші кезеңде 2 айдан кейін емдеудің жоғары технологиялық заманауи әдістерін қолдану арқылы остеосинтез жасалды. Атап айтқанда: АВФ демонтажы, бұрандалы стерженьмен (гамма шеге) жабық түрдегі интрамедуллярлы остеосинтез.

Дәрігер Руслан Токушевтің айтуынша, орнатылған стерженьнің арқасында науқас бір-екі күнде дерлік қалпына келеді, қазірдің өзінде тіреуіш көмегімен қозғала алады.

«Операция барысында науқастың денесінің ішінен сүйек сынықтарын бекіттік, операция сәтті өтті, операциядан кейінгі кезең еш қиындықсыз өтті. 1 аптадан кейін науқас ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Науқас 2 рет сауықтыру емінен өтті. Қазіргі кезде науқас ешқандай тіреуішсіз өз бетімен қозғалады, белсенді өмір сүре алады», – дейді операция жасаған ортопед Руслан Токушев.