Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 86 жасар әйел жамбас мойнының сынығымен жүгінді. Аурухананың травматологы Дәулет Чукманов науқасқа жамбас буынын жергілікті түрде эндопротездеу секілді күрделі операция жүргізді.
Жамбас сүйегінің сынуы - қарт адамдар арасында ең көп таралған жарақаттың бір түрі. Әрі мұндай кезде уақытында мамандандырылған жарақатты емдеу көмегі көрсетілмеген жағдайда бұл бөлімге дейін әкелуі мүмкін.
«Жасы үлкен адамдарға мұндай диагноз көбінесе мобильдіктің жоғалуына, сынған жердің ауыруына, төсек тартып жатып қалуына (операция жасалмаған жағдайда) және тиесілі түрде басқа да аурушаңдықтың қосылып асқынуына әкеледі: бірінші кезекте - іркіліс пневмониясы мен терінің ойылуы.
Операция эпидурпльды анестезиямен жүргізіліп, бір сағаттан астам уақытқа созылды. Хирургиялық тұрғыда араласу барысында біз жамбастың мойны мен басын және ұршықтық ойысын толығымен ауыстырдық.
Операциядан соң келесі тәулікте пациент барлық үмітімізді ақтап, өз бетімен отырып, тұрып және арбаның көмегімен жүре бастады. Келесі күні пациентпен реабилитолог дәрігерлер жұмыс істей бастады. 7-күні пациент амбулаторлық емделуге шықты. Әрине, оны оңалтудың екінші сатысы күтеді»,- дейді маман.
Жамбас буынын эндопротездеу бүгінгі күні аяқтың әлі кеткен қызметін қайта қалпына келтірудің жалғыз әрі тиімді тәсілі болып табылады. Маманның айтуы бойынша, заманауи буын эндопротездері жасалатын материалдар адамның организміне төзімі жоғары және жақсы ұласады. Қызмет ету мерзімі орташа есеппен 15-20 жыл, ал көптеген жағдайда науқас оны 30 жылға дейін қолданады. Эндопротез ескірген кезде оны жаңасына ауыстырады.
Өз кезегінде науқас медицина қызметкерлеріне алғысын жаудырды.