Алматыда өткен жылы құрамында 12 мың тоннадан астам сынап бар аспаптар мен бұйымдарды қайта өңделді. Мегаполисте қала тұрғындары қауіпті қалдықтарды тапсыра алатын бірқатар кәсіпорындар бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің өкілдері айтты.
Ведомствоның мәліметінше, қауіпті қалдықтарды басқару аясында қалада тұрғындардан құрамында сынап бар шамдарды және аспаптарды жинау бойынша пилоттық жоба іске асырылды - ПИК алдындағы 10 учаскеде қауіпті қалдықтарды жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған.
«2022 жылы «Esoalmaty» ЖШС (бұрынғы «Алматыэкологострой» МКК) тұрғындардан және келісімшар бойынша заңды тұлғалардан 75 037 бірлік 12,756 тонна құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдар жиналып, қайта өңделді. «Сынап плюс» ЖШС өз қызметін белгісіз мерзімге тоқтатты. Аталған кәсіпорындардан басқа, Алматы қаласының аумағында пайдаланылған электрондық аспаптар мен жабдықтардағы құрамында сынабы бар қалдықтарды жинаумен «Топан» ЖШС, «Промтехноресурс» ЖШС, термометрлерді жинаумен – «МВЭ Арна» ЖШС айналысады. Құрамында сынап бар қалдықтарды қайта өңдеуге жоғарыда аталған ұйымдарға тапсырылады», - деді Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Нұржан Бөлекбаев.
Қалада медициналық қалдықтарды өңдеумен «Эгида» ЖШС және «УтилМедстрой» ЖШС сияқты мамандандырылған кәсіпорындар айналысады.