«Бұл жеңілдікті шарттармен байланысты», - деп түсіндірді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Солтанбаев Берік Бекмырзаұлы.

Мысалы, резиденттер үшін 3 жылға дейінгі мерзімге 1 350 теңгеден жалға берілетін, коммуникациялары тартылған, кейіннен бір шаршы метрге 180 мың теңгеден сатып алу мүмкіндігі бар ғимараттар қарастырылған, өнеркәсіптік парктердің резиденттеріне 7 жылға дейінгі мерзімге 70 млн теңгеге дейінгі сомаға жылдық 2%-бен жеңілдікпен несие беріледі.

«Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілерімен толтырылған 30 мың шаршы метрден астам шағын өнеркәсіп парктерінің ғимараттары салынды және 2025 жылға қарай парк көлемін 250 мың шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарлануда», - деп атап өтті Б.Солтанбаев.

Алматыда барлық қажетті еңбек және инфрақұрылымдық ресурстар бар, бұл қаланы елдің ең инвестициялық-тартымды өңірлерінің біріне айналдырады.

Осылайша, Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу мақсатында 2023 жылдың наурыз айында Алматы қаласында баламасы жоқ «бір терезе» қағидаты бойынша бизнес-қоғамдастыққа қызметтер кешенін көрсететін "Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС өз қызметін бастады. Компания консультациялар өткізу, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу және әкімшілік кедергілерді азайту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдауды уақтылы көрсетуге шоғырланған.